16+
25 апреля
...
доллар -0.47 евро +0.97 рубль РФ +0.04
Я Охотники.KZ
Новое видео на Ютуб канале Охотники.KZ

Атырауда жақында ауланған қортпа балығының аналығы Каспий теңізіне жіберілді

28.04.2022, 16:52
530
0
автор

Бүгін Каспий теңізіне биылғы жылдың 19 сәуірінде ауланған қортпа аналығы жіберілді.

Балықты теңізге жіберу «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік инспекторларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Еске сала кетсек, ауланған қортпадан 35 кг уылдырық алынған болатын, бұл 1,2 миллион дана уылдырықты ұрықтандырып, шабақ кезеңіне дейін инкубациялауға арналған аппараттарға орналастыруға мүмкіндік берді. Алынған шабақтар алдымен бассейндерде өсіріліп, кейіннен, орташа мөлшері 3 граммды құрап, табиғи ортаға жіберуге дайын болған уақытқа дейін өсіру тоғандарына ауыстырылады.

Отзывы


Информационный Портал Охотников и Рыболовов Казахстана "Охотники.KZ". 2012 - 2022 г. © Все права защищены.

Распространение, копирование, тиражирование информации с сайта разрешены только с согласия администрации.

16+