16+
19 апреля
...
прогноз на 5 дней
16 oC небольшая облачность
доллар -0.91 евро -2.17 рубль РФ +0.03
Я Охотники.KZ
Новое видео на Ютуб канале Охотники.KZ

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

17.01.2023, 11:29
4828
0
автор

Байғанин ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен Қарауылкелді ауылы, «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының бойында 1988 жылы туған азаматтың «Toyota crown» маркалы автокөлігін тексеру барысында барлығы 5 қапшыққа салынған 643 дана киік мүйіздері табылды.

Аталған көлікте жүргізушіден бөлек тағы 2 адам болған.
Сонымен қатар, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі Ноғайты ауылынан Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жұлдыз ауылының 28 жасар тұрғынының басқаруында болған «Ford Galaxy» маркалы автокөлігін тексеру барысында, 3 қапқа салынған 416 дана киік мүйіздері табылды. Бұл көлікте жүргізушіден бөлек тағы бір адам болған, аталған автокөлік иесі.

Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу амалдары жүргізілуде.

Источник: qazfwc

Отзывы


Информационный Портал Охотников и Рыболовов Казахстана "Охотники.KZ". 2012 - 2022 г. © Все права защищены.

Распространение, копирование, тиражирование информации с сайта разрешены только с согласия администрации.

16+