Марал атқан браконьерлер ұсталды
2022 жылдың 27 ақпанында Алматы облысында Охотзоопром инспекторлары марал атқан браконьерлерді ұстады.
Охотзоопром инспекторлары Сүмбе шекара қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп табиғатты қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізген болатын. Рейд барысында инспекторлар Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында Skoda және Honda автокөліктерін тоқтатып, тексеру жүргізген.
Нәтижесінде Skoda автокөлігінен боршаланған марал етіне ұқсас аңның ұшасы табылды. Сондай-ақ, 308 калибрлі Вепрь мылтығы мен патрондары, 7.62 калибрлі қосымшасы бар бір ұңғылы және 16 калибрлі Иж-27 мылтығы, патрондары жоқ карабин анықталды.
Заңсыз аң атқан Раймыбек ауданының екі тұрғынының үстінен ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, аталған құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі