Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы
2022 жылдың 2 қарашасында "Instagram" желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген бейне материалдар жарияланды.
Бұған дейін хабарлап өткендей, өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, осы дерек туралы жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы ғылыми ұйымдары, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен экология және полиция департаменттері, ветеринариялық қызметтер, жергілікті атқарушы орган, Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Қонаев қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, "Қазгидромет" РМК және "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС қызметкерлері қатарынан жұмыс тобы балық шабақтары қырылған орынға барды.
Оқиға орнына бару нәтижесінде, «Айна Су» ЖШС-не кәсіпшілік балық аулау үшін бекітілген Қапшағай су қоймасының № 11 балық шаруашылығы телімінің жағалау жиегі бойында «Арыстан тауы» маңында жалпы салмағы шамамен 350-400 кг болатын балық шабақтарының (қаракөз) қырылуы анықталды.
Қазіргі уақытта, қырылған балық шабақтарын жою үшін жағалау жиегін жинау жұмыстары жүргізілуде. Қырылған балық шабақтарының жалпы салмағы жиналғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.
Балық шабақтарының қырылу себебін анықтау үшін Қонаев қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті және "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС мен "Қазгидромет" РМК мамандары тиісті акт жасай отырып, су, топырақ және балық сынамаларын алды. Сынама нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Сонымен қатар, балықтардың қырылуы туралы дерек Қонаев қаласының полиция басқармасында 02.11.2022 жылы АТК–де 221916030006547 тіркелді.
Источник: Сообщество ОХОТНИКИ.KZ