Қазақстан аңшылары мен аңшылықты пайдаланушыларына үндеу
!
Аңшылар мен аңшылықты кәсіп етушілердің мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде аккредиттелген «Табиғат» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) , келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) веб-сайтында (kz.undp.org) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа нысандарын құру және қолданыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге конкурс жарияланды.
Үсек қорығы (Алматы облысы) -197 684 га
Көксу қорығы (Алматы облысы) – 586 796 га
Кетпен қорығы (Алматы облысы) – 218 474 га
«Терскей» қорық аймағы (Алматы облысы) -189 407 га
«Көлсай көлдері» ұлттық паркі – 161 045,0 га
«Жоңғар-Алатауы» ұлттық паркі – 356 022 га
Сондай-ақ, Сауыр-Маңырақ қорық аймағы (Шығыс Қазақстан облысы), «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі (Түркістан облысы), Ақсу-Жабағалы қорығы (Түркістан облысы), Сырдария-Түркістан өңірлік саябағы (Түркістан облысы),
Айта кету керек, құрылуы және кеңейтілуі жоспарланған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған аңшылық шаруашылықтары аумағында құрылмақшы және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бұл одан әрі оларға мүмкін аң аулауға тыйым салуға осы өңірдегі басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін шектеп, қолданыстағы жерлерін қайтарып алуға әкеліп соғады.
Бұл бағдарлама Алматы облысының тек өзінде ең өнімді деген 50 ️ ️ ️аңшылық шаруашылықтарынның қамтиын деп тұр !!! Іс жүзінде таулы аймақтардағы барлық дерлік аңшылық шаруашылықтарының алқаптары еніп отыр!
Қарапайым есептеулер көрсеткендей, бұл жағдай орын алса , марал, таутеке немесе елік аулау құқығына ие болу үшін Қазақстан аңшысы 100 жылдан 200 жылға дейін кезекте тұруы керек .
Жануарлар дүниесін пайдалану құқығын жүзеге асырудан табыс алмайтын мемлекетке тікелей экономикалық шығын, салықтар, аңшылық шаруашылықтардың рентабельді бөлігі қысқа мерзімде миллиардтаған теңгені құрайтынына зерттеу арқылы көз жеткіздік.
Қазақстанда аңшылық шаруашылығын құру арқылы жануарлар ресурстарын басқару жүйесінің беделі толығымен төмендейді, өйткені аңшылық шаруашылықтарының мыңдаған жұмысшыларының күш құралдары, еңбегі және қаражаты мен күш жігерлерін салған адамдардың талпынысы құрдымға кетеді!!!
Мыңдаған адамдар жұмыссыз қалады, браконьерлік наразылық, әлеуметтік шиеленіс және жазғы және қысқы жайылымдардың жайылым карталарын қайта құру фактісіне байланысты жергілікті қауымдастықтың әділ наразылығы басталады ...
Мемлекет көп айтатын аңшылық туризмі мен олжалық аңшылықты дамыту Қазақстанда іс жүзінде құрдымға кетеді, аңшылық турларының көлемі республика бойынша 75-80%-ға қысқарады.
Бағдарламаны дайындаушылар әлдебір жоспарларға сілтеме жасайды, ал біз осы саладағы құжаттарды зерделедік!
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің даму жоспарында (Стратегиялық жоспар) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумақтарын ұлғайту көрсеткіші жоқ;
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумақтарын ұлғайту көрсеткіші жоқ. Ал аңшылық шаруашылықтарын дамыту іс шаралары көрсетілген (3.7-тармақ) ️
Туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ұлғайту көрсеткіші жоқ. Ал «аңшылық - олжалық туризмі» жеке тарау болып енгізілген
2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесін Қарағанды облысында тек «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру арқылы арттыру қарастырылған. ️
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына БҰҰДБ жобасы бойынша құрылуы жоспарланған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кірмеген.
Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция (ҚР ратификацияланған).
Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенция Тараптарының 10-конференциясы (2010 ж., Жапония) қабылдаған жаһандық мақсат 2020 жылға қарай қорғалатын табиғи аумақтарды әлемдегі ,жердегі экожүйелердің жалпы ауданының 17%-ға дейін кеңейту арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтауды көздейді. Атап айтқанда, экожүйелердің тұрақты дамуы үшін әлемдік тәжірибеде қабылданғандай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12% болуы керек.
Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аумақтар үлесінің ұлғаюы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарында (ТДМ) көрсетілген, бірақ бұл ерекше қорғалатын аумақтар болуы керек деген нақты тұжырым жоқ.
АҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ -бұл қорғалатын аумақ, көп жағдайда ерекше қорғалатын аумақтарға қарағанда тиімдірек. Себебі, ұсынылып отырған ерекше қорғалатын табиғи аумақ түрлері қорық және қорықтық аймақ, бұл не бюджеті қарастырылмаған, не инспекторлар штаты жоқ тек қағаз жүзіндегі нысан. Бұл жерлер- қорғайтын ешкім болмағандықтан Браконьерлер Қорықтарына айналады!
Қазақстандағы аңшылық шаруашылығының жойылуына кімнің, неліктен себепкер болып отырғаны қазір бізге түсіну қиын, бірақ бір нәрсе анық, халықаралық қорлар ҚАЗАҚСТАНДА АҢШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНА ТОЛЫҚ ТЫЙЫМ салу мақсатында қаражаттарын лобби жасау үшін жұмсауда !
Қазіргі уақытта «сарапшы лоббистер» тобы жиналуда, олардың міндеттеріне жаратылыстану- ғылыми ,техникалық- экономикалық негіздемелер дайындау және осы бастаманы депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдерімен шешілуін қарастыру !!!
Аңшылық пен аңшылық шаруашылығының болашағы елдің әрбір Аңшысы мен Аңшылықты кәсіп еткендердің қолында, бұл ессіздікке жол бермеу керек !!!
Баршаңызды сілтеме арқылы электронды петицияға дауыс беруіңізді сұраймыз! Сондай-ақ көрсетілген мекенжайлар бойынша жазылу парақтарына қол қойыңыз !! Қазақстан аңшылары бас қосып, азаматтық қоғамның өз құқықтары үшін күресуге дайындығын және ынтымағын көрсететін біртұтас майдан ретінде әрекет етуі керек .
Электрондық петиция сілтемесі: https://egov.press/petition/ № 986 бойынша қол қойыңыз
БІЗГЕ ТІРІ ҚОЛДАР ДА КЕРЕКБОЛАДЫ, оларды төмендегі аңшылық дүкендерде қалдыруға болады: «OUTDOOR MERGEN» дүкені, «OkhotnikKZ» дүкені.
Қолдарды жинағаннан кейін «Табиғат» қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Сенат төрағасына, Парламент спикеріне, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісіне хат жолдайды. Я поддерживаю петицию «Требуем остановить целенаправленное уничтожение охотничьих хозяйств». Поддержите нас! https://egov.press/986-trebuem-ostanovit-celenapravlennoe-unichtozhenie-ohotnichih-hozjajstv.html
«Табиғат» қауымдастығының президенті Джумалиев Қажым.
Источник: www.facebook.com