Андрей Ким Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды
.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ким Андрей Витальевич ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Андрей Ким 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін эколог мамандығы бойынша, «Фемида»заң институтын заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік орман және аңдар әлемін қорғау мекемесінің жетекші маманы болып бастады.
2003-2022 жылдар аралғында «ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-де бас маманнан басшылық қызметіне дейінгі қызметтерді атқарды.