Алматы облысының полицейлері кезекті браконьерлерді ұстады
Ағымдағы жылдың 05 қарашасында Райымбек ауданы Қақпақ ауылдық округінің демалыс аймақтарының бірінің аумағында орналасқан қойма үй-жайынан үш жабайы аңның еті табылды.
Алдын ала болжам бойынша ол Қызыл кітапқа енген арқардың еті.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Факт ҚР ҚК 339-бабы бойынша Райымбек ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша Алматы қаласының тұрғындары анықталды. Объективті, толық және жан-жақты шешім қабылдау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған жануарлардың қай жерде және қай уақытта атылғаны анықталуда", - деп хабарлады облыстық полиция.
Айта кету керек, арқарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.