16+
23 ноября
...
прогноз на 5 дней
2 oC переменная облачность
доллар +3.47 евро -0.93 рубль РФ -0.06
Я Охотники.KZ
Подпишись на Инстаграм Ohotniki.kz Shop

Қызылорда облысында екі бас киік етін саудаламақ болған браконьер ұсталды

07.04.2022, 11:27
535
0
автор

«Охотзоопром» Қызылорда өңірлік филиалынының инспекторлары облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлескен іс-шара барысында екі бас киік етін саудаламақ болған браконьерді оқиға орнында ұстады.

«Охотзоопром» инспекторының айтуынша Жалағаш ауданының тұрғыны саудасын жеке тұрғын ұйінің ауласында жүргізбек болған.

Қазір киіктің киесінен қорықпаған браконьердің үстінен ҚР ҚК-нің 337 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері аталған заң бұзушылыққа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап жатыр.

Айта кетейік, ғылыми мақсаттарға пайдаланудан бөлек, Қазақстан Республикасының аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салынған.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Отзывы


Информационный Портал Охотников и Рыболовов Казахстана "Охотники.KZ". 2012 - 2024 г. © Все права защищены.

Распространение, копирование, тиражирование информации с сайта разрешены только с согласия администрации.

16+