16+
28 марта
...
прогноз на 5 дней
10 oC небольшой проливной дождь
доллар -1.43 евро -3.48 рубль РФ 0.00
Я Охотники.KZ
Новое видео на Ютуб канале Охотники.KZ

Алматы қаласында балық ресурстарын заңсыз сату пункті қызметінің жолы кесілді

22.12.2021, 10:10
1048
0
автор

2021 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз алып өтудің

Сатудың және сақтаудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу барысында, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары Алматы қаласы полиция Департаментінің табиғат қорғау полициясы тобының қызметкерлерімен бірлесіп, Боралдай автожолы маңында балықтың шығу тегін растайтын тиісті құжаттарсыз балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз сату пунктін заңсыз орнату фактісін анықтады.
Сонымен қатар, балықты сату санитарлық нормаларды өрескел бұза отырып жүзеге асырылған.
 
Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, сот органдарына жолданды. Заң бұзушылардан сот шешіміне дейін 102 кг әр түрлі балық тәркіленді.
 
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде балық ресурстарына алдын ала келтірілген залал 580 191 теңгені құрады. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Отзывы


Информационный Портал Охотников и Рыболовов Казахстана "Охотники.KZ". 2012 - 2022 г. © Все права защищены.

Распространение, копирование, тиражирование информации с сайта разрешены только с согласия администрации.

16+